Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
326
Қамажай
Басында Қамажайым айтқан еді,
Жаныма сары майдай жаққан еді.
Үш топтан таңдап алған Қамажайдан
Бұл ағаң бар бақытын тапқан еді.
Ахау, хайла-лилім, лила-лилім,
Қамажай әуел баста қатқан еді!
Бұл күнде басқа шықты, сөзі түрпі,
Дәл қазір менен қалды ойын-күлкі.
Қыз күнде бәрі жақсы, жаман әйел,
Не пойму, қайдан шығады ұйқы-құйқы?!
Ахау, хайла-лилім, лила-лилім,
Бұл күнде менен қалды ойын-күлкі.
Көңілін еш адамға таптырмайды,
Қолымда кемпір-шалды бақтырмайды.
Осымен бұл әнімді аяқтаймын,
Так что, Қамажайым жақтырмайды!
Ахау, хайла-лилім, лила-лилім,
Қамажай мұндай әнді жақтырмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter