Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  136


Автор: Марат Нұрқалиев

Сейіт Кенжеахметовке

Алғашқы кітаптарыңызға
Сықақты қатырыңқырап,
Қырсыздарға
Қамшыны батырыңқырап,
Жазатын едіңіз,
Яки кемшілік атаулыға
Орды опырайтып,
Окоп сияқты қазатын едіңіз.
Соңғы кезде
Ондай дүниелерді сиретіңкіреп,
Жауыр болған тақырыптарға
Бойды үйретіңкіреп,
Жібердіңіз бе, қалай?
Біз оған өкпелеңкіреп,
Бұрынғыдай
уытты өлең тілеп,
Оған сіздің
Назарыңызды аударыңқырап,
Қысқасы,
Ыңқырап... іңкіреп... ыңқырап..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу