Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  126


Автор: Марат Нұрқалиев

«Семсерге» сәлем

Қиынды тауып қайдағы
Күлдіргі тілді, жайдары
Келді, міне, жас солдат –
«Жедел» қарттың жиені
Қолына қалам – найза ұстап,
Жайсызға жай боп тиеді.
Әділдікті бетке алып
Шындықтан сауыт киеді.
Бақыт берген адамға,
Осынау шат заманда,
Жаңа келген ортаға
Ұрпақ боп қалған
«Жедел» қарттың тұяғы,
«Шаншардың» шаншу қияғы.
Жолың болсын «Семсерім»,
Жайратып «жауды» іле түс!
Көк желкеден бүре түс!
Күліп тұрсын оқушың,
Жылап тұрсын «шоқушың»,
Қиядан ілер қырандай...
Кемшілікті жүр аңдай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу