Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  121


Автор: Марат Нұрқалиев

Жауабын айт жұмбақтың

1. Мінезі үйлеспейтін,
Адамша сөйлеспейтін,
Қоғамға қылығы жат,
Ол кім?
(Бюрократ)
2. Ұйқыдан бас тартпайтын,
Жұмыстан қашқақтайтын,
Табатын түрлі сылтау,
Бұл кім еді?
(Жалқау)
3. Отбасының шырқы қашатын,
«Оразасын» арақпен ашатын,
Жұрт шағынар үстінен,
Бұл кім еді?
(Маскүнем)
4. Ақты бояп қараға,
Сөз таситын араға,
Қиянатқа себепші,
Бұл кім өзі?
(Өсекші)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу