Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
96
Шалдың шатағы
– Кім едің сен, шырағым?
– Мен бе?.. Мен – мұғалім.
– Е-е, бәсе,
Ұсқыныңнан шошып ем.
Не деп жүрсің осы сен?!
Кеше баламның сөзінен
Шошып қалдым.
Сол ма сенің оқытқаның?!
«Жер – кәдімгі доп», – депсің,
«Құдай сәпсім жоқ», – депсің.
Сонда сені кім жаратты? –
Шал көзін алартты.
– Олай десең күпір боласың.
О дүниеге барасың,
Құдайдың сотынан
Бір-ақ шығасың,
«Дозаққа!» деген жолдама алып,
Жылап шығасың.
Сосын сенің арам денеңді
Сабалақ жүнді сайтандар
Сойылмен сабап ісіреді.
Ақ найзаның басына
Шаншып қойып,
Өтпейтін пышақпен аршып сойып,
Етіңнен кәуап пісіреді! –
Деп, ақсақал,
Ақыл айтып кетті,
Мұғалімге жаман көзін
Бақырайтып кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter