Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  112


Автор: Марат Нұрқалиев

Ұтыс пен «жұтыс»

Кеше Шәукен
Лотореядан шаңсорғыш ұтыпты,
Сол үшін
Достарымен ресторанда «жұтыпты».
– Шаңсорғыш жасайтын зауыт үшін!
– Сыртындағы қатырма сауыт үшін!
Достар тост көтерді,
Парыз осылай өтелді.
Қызып алған Шәукен
Ұтысын он рет жуған
Өйтпесе, еркек боп
несіне туған?!
Содан қайтып келе жатып,
Өлең
айтып келе жатып,
Шәукен костюмін атып кеткен
асырып арқасынан,
Ал ұтыс шыққан билет
соның қалтасында!..
Сөйтіп, ұтыс
Шәукенді құртып кетті,
Шаңсорғыш костюмін
«Қалтасымен» жұтып кетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу