Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  107


Автор: Марат Нұрқалиев

Сау басқа сақина

«Баланы жастан,
Әйелді бастан»
Деген қағиданы
Есіме алып,
Шалбарымның белдігін
Шешіп алып,
Ac үйде жүрген әйеліме
Жетіп бардым:
– Әй! Мана қайда
Қаңғып кетіп қалдың? –
Деп бас салдым.
Ол саспады.
– Сүт әкелдім магазиннен,
Егер оны артық көрсең,
Өзің-ақ әкеп тұрғын! –
Деп оқтауын
Төбеме көтеріп тұрды.
Мен өтірік жөтеліп тұрдым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу