Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
122

«Жауырынды» қарындас
Автобуста адам көп, ығы-жығы,
Мініп жатыр итеріп бірін-бірі.
– Қарағым, аяғымды езіп кеттің!..
– Шынтағың тесіп барад бүйірімді!..
Әр тұстан безірейді кәрі-жасың,
Бажайлап біле алмайсың қауымыңды,
Төгіліп иығына қара шашы
Бір қыз тұрды дәл алдымда жауырынды.
– Қарындас, бір билетке қол жалғаңыз, –
Дедім де білегінен түртіп едім,
– Аға, мен қыз емеспін! – деген дауыс
Кенеттен найзағайдай күркіреді.
Бетіме жалт қарады ежірейіп,
Тұр екен кірпі мұрты едірейіп.
Күліп едім сол күні кешке дейін,
Қосылып сізбен тағы бір күлейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇