Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  123


Автор: Марат Нұрқалиев

Әңгіме бұзау емізеді

Құдық басында екі жеңгей
Бір-біріне кезек бермей,
Өсектен өсек қалдырмады,
Өзгеге су алдырмады.
...Түс болды,
Сағат, шамасы, үш болды,
Екеуі әлі көкіп жатыр,
Уақыт зырлап өтіп жатыр.
...Кеш болды,
Сағат тура бес болды.
Күн де ұялып ұясына қонды.
Қолды сермеп оңды-солды
Екеуі әлі көкіп жатыр,
Қайран уақыт өтіп жатыр.
...Ал үйдегі сәбилері
Жылаудан көз ашар емес.
Әжелердің әлдилерін
Құлақтарына асар емес.
Амал қайсы? Ақыры
Нан жібітіп жегізеді...
* * *
Қазақ дұрыс айтады:
«Әңгіме бұзау емізеді...»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу