Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  154


Қызырғазы Тоқтар

Ана тіл

Күллі адамзат тіл арқылы танысқан,
Татуласқан, тіл арқылы қағысқан.
«Өнер алды – қызыл тіл» деп сондықтан,
Шешім айтқан бізің қазақ данышппан.
Кететұғын тілдеріме балқып тау,
Жүректегін тілмен бабам сарқытты-ау.
«бас кессе де тіл кесуге тиым» деп,
Бастарынан тілі көрген артықтау.
Тілін қазақ түгемейтін кен еткен,
Əрбір нақыл туындайды себеппен.
«Қызық тілде сүйек жоқ» деп қазағым,
Ана тілін шеберліктің шегі еткен.
Құрсауларын талқан қылған жендеттің,
Ана тілім бізді кімнен кемді еттің.
Ғарышта да қалықтаған қазақшам,
Ұласып тұр арасында жер-көктің.
Қанға дəтін тілмен айтқан қараша,
Ажалға да болған ғой тіл араша.
Ұлттығымды айғақтайтын тілімнің,
Мəртебесі бүгін неге аласа.
Қазақ болмас қазақша сөз жаттап құр,
Қазақ болсаң тілдің нарқын нақтап біл.
Затым адам, тегім түрік дегенмен,
Ұлтыңды тек тілің ғанасақтап тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу