Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
201
Отанды сүю иманнан
Еркіндік алған тəңірден адам сертпенен,
Алпауыттар бізді маңдайдан қағып тектеген.
Бостандық үшін жандарын қиған боздақтар,
Бүгінгі мынау баяшат күнге жетпеген.
Қайғысын жұтып, тəуелсіз отан жоқтығын,
Жалтақтап əттең өзгегеқанша өтті күн.
Жүргенде солай еңсеңді жерден көтерген.
Таласып көкпен желбіреп менің көк туым.
Отаның болу, жырлауың оны салтанат,
Таңырқап бізге қарайды бізге шартарап.
Отанда жүрген бір күнге сірə жетер ме,
Отансыз өмір сүрсең де мəңгі шалқалап.
Отаным менің тəңірден тілеп, сыйға алған,
Батырлық бар ма отан деп жанды қиғаннан.
Сатқындық өтпес отанға селқос қараудан,
Пайғамбар айтқан «отанды сүю – иманнан».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter