Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  212


Бақытжан Қыдырəліұлы

Мұқағалидың соңғы сәтін еске алу

Қатал тағдыр жасап соңғы шешімін,
Тербеп жатқан сəби жырдың бесігін.
Қап-қара түн қара күпі жамылып,
Ажал келіп қақты ақынның есігін.
Жыр мен ашып сұм ажалға қан майдан,
Сан сыраған санасында самғайды əн.
Қара түнде қара күпі көлбеңдеп,
Суық бейне шақырады шалғайдан.
Қара түнді жамылып-ап мақпалдай,
Ақын жатыр ала сұрып ақ маңдай.
Елестейді бірде Моццарт бейнесі,
«Жан азаның» күйін тартып жатқандай.
Қошбол өмір есіңе алып жүр мені,
Келеді ажал соңғы демді үзгелі.
Жетім көлге қош айтысқан мəңгілік,
Шақырып түр аққулардың тізбегі.
Басқаныңмен көтеріңкі еңсені,
Кел-кел ажал жатырқаман мен сені.
Жер астында жырмен тербеп жатармын,
Мені туған қасиетті өлкені.
Маңдайымнан сыйпап өткен Нұраға,
Ертең мені жерлегенде жылама.
Тірлігіме шуақ құйған жан анам,
Өтінемін қасыреттен құлама.
Ағажан деп сыйлап өткен тау ұлын,
Қошбол енді менің Тұмаш бауырым.
Кетеді ағаң ертең мəңгі келмеске,
Бұрқыратқан өлең – жырдың дауылын.
Жетпей кеткен жалғандыққа дəрмені,
Үзілгенде ақынның бар демі.
Тірлігімде тірек болған Шəміл-ау,
Қайсар тұрып аттандырып сал мені.
Қамықпап ем қасыретке қаптаған,
Сол рухымды бахиғада ап барам.
Жыламаңдар Шəміл, Т***лқаш, Жүмекен,
Менде өмірден күліп тұрып аттанам.
Лашын жарым тағдырыма налыма,
Осы болар жазылғаны бағыма.
Кетті ақының сəбидей пəк қалпымен,
Маһаңдармен Абайлардың жанына.
Ажал сені жатырқаман келіңдер,
Жасымайды оған мендік сенімдер.
Жырлап келген жыршыл мынау жүректі,
Жаспен емес жырға бөлеп көміңдер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу