Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
152
Қалдарбек Найманбаев ағаның рухына арнау
Қалекең қайта тумас тұлғасың ба?
Мың кісілік ақыл бар бір басыңда
Көтердің Қауымдастың шаңырағын
Тарихың жетер аға мың ғасырға.
Осылай орда болды қауымдастық,
Қимастық ақ көңілмен бауыр бастың.
Үш ғасыр үркердей боп жүріппіз-ау,
Бүгінгі берекеміз табылмас құт.
Ұмытпас келер ұрпақ көп ісіңді,
Өнерімен гүлдендірген өрісіңді.
Ұрпағың мəңгі өмірде азық етер,
Жетпіс жас жотасынан жемісіңді.
Əлемге тең саламын деп терезені,
Тағылым еттің талай өнегені.
Дананы Қалекеңдей қадыр тұтсақ,
Біздің ел мол ырысқа кенеледі.
Жұлдыздай мəңгі көктеп жарқырады,
Бір Алла иман берсін бар дұғаңа.
Пəниде парасатты ізің өшпес,
Бақида бақыл болғай Алтын аға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter