Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  147


Автор: Қайырбек Кемеңгер

Қатал тағдыр Қошке атамды сынады...

Қатал тағдыр Қошке атамды сынады,
Үзілердей болды асыл жыр-əні.
Қаламына тыныштықты беретін
Қала Ташкент болды ендігі тұрағы.
Бір бас емес, қамын ойлап бар елдің,
Қандай сыбаға білмей тартар келер күн,
«Ақ жол», «Сана», «Талап» жаққа талпынды,
Тілектесі болып Жақыл, Халелдің,
Күрт өзгерді аласапыран заманы,
Алты жыл тек жазды қайран каламы.
Алты жылда алты кітап қалдырып,
Алты алашқа ардақты аты тарады.
Нəубет келді. Қалам, қағаз жай қалды.
Арман өшті, ғазиз жүрек кайғы алды,
Бастан кешіп абақтының қорлығын,
Украина аймағына айдалды.
Бес жыл өтеһ түрме, қуғын-сүргінді,
Тыныш күнін ол аңсады бір күнгі.
Елге оралып аман-есен айдаудан,
Ағайынмен бір жылады, бір күлді,
Шыдай алмай азабына қайғының
Қарт анасы қайтқан екен ай бұрын.
Тым болмаса топырақ та сала алмай,
Жалғандағы жоғалтты бар байлығын.
1937, тамыз күн.
Бақылауда болған кезі əр іздің.
Абзал əке, аяулы жар, қаламгер
Мəңгілікке кете барды, қарыз кім?!
Қиса-дағы шыбын жанын қорғасын,
Имей өтті дұшпанына ол басын.
«Аруағың, баба, бізді қолдасын!»,-
Деп жырлайды бүгін сенің жалғасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу