Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
151
Барлығын тартқан бауырға
Туған елі мақтанышпен айта алар,
Болмысынан мықтылығы байқалар.
Бар қазақты тарта білген бауырға,
Қалдарбектей қайраткерің қайда бар?!
Нықтасам деп тəуелсіздік тірегін,
Жайсаңға тəн жайып салған жүрегін.
Атажұрттың айқара ашып қақпасын,
Келем деген қазақ көрсе күтетін.
Тіл табысып қазақ жүрген бар елмен,
Түбі бірді түгендеген əлемнен.
Жаралғандай көрінеді ол маған,
Дүниені шарлау үшін əуелден!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter