Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
131
Қазақтың қазақ демей көр
Төсінде тұлпар ойнатқан,
Қуана қалса тойлатқан.
Ертеңін бүгін ойлатқан,
Қазақты қазақ демей көр!
Желіге бие байлатқан,
Қыз-жігітін ойнатқан.
Сезімге сергек бойлатқан.
Қазақты қазақ демей көр!
Ерте тұрып, жай жатқан,
Өткен тар жол, тайғақтан.
Намысы қанын қайнатқан
Қазақты қазақ демей көр!
Даласын дархан жайнатқан,
Қаруын əркез сайлатқан.
Түйілсе, жауын жайратқан,
Қазақты қазақ демей көр!
Бұзылмаған қаймақтай,
Көпе-көрінеу жай жатпай.
Тыншымас əнін сайратпай.
Қазақты қазақ демей көр.
Тербететін тереңде ой,
Естілер бізді елей көр
Қазақты қазақ демей көр!
Қазақты, Тəңір, жебей көр!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter