Өлеңдер ✍️
Қара шоқы
Етегіңде дала жатыр,
Ал сенің маңдайыңда бұлт ойнаған.
Енді сен деп жырымды шырқайды
Өзен бойлап ержеткен ағаларым,
ат мініп арғы бетке жылқы айдаған.
Амал не?
Олар мені шақырған жоқ,
Қоямын тулап барып басылған боп.
Мен жүрдім, жиырма бірде өлең жазып.
Сен тұрдың сонау сырлы ғасырдан кеп.
Алты жаста ауылға кеш кіргені,
Сен жақтан жасын дауыс естілгені.
Селт еттім,
Ұзақ қарап,
Үнсіз тұрдым.
Сол менің тұңғыш рет ес білгенім.
Суреттеп жеткізе алмас мекенімде,
Ержеттім төменгі өзен етегінде.
Сені көріп ертістен балықшылар,
Қара шоқы дейтұғын кетерінде.
Ақиқаттай айтылған аңыздағы,
Алда талай өмірдің бар ызғары.
Саған қарап орайтын темекісін,
Шалғы ұстаған жігіттер тамыздағы.
Етегіңде дала жатыр.
Ал сенің маңдайыңда бұлт ойнаған,
Енді сен деп жырымды шырқайды адам.
Өзен бойлап ержеткен ағаларым,
Ат мініп арғы бетке жылқы айдаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter