Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  132


Автор: Аршын Нұрбақытұлы

Көктем

Кеще күндер кейітті, жылатты мың,
Бірақ саған ғашықпын шуақты күн.
Сен болып елестеді көктем маған,
Арқасында сыңғырлап бұлақ бұрын.
Сол бір күзді айтпаймын көктемде мен,
Сол бір қызды айтпаймын кеткен менен.
Сезімімнің сертіне баян болмай,
“Қош бол!”- дегем, олар да “қош бол!”- деген.
Айқайлайтын жерлерде үндемедім,
Жылайтұғын шақтарда күлген едім.
Аққайыңдар саусағын жайды көкке,
Біле тұра сап-сары күз келерін.
Табиғаттың шығар ол бəлкім заңы,
Аққайыңдар сол үшін сал сырғаны.
Ұнайды көктем сайын көк жиекте,
Жанды елітер жасынның жарқылдары.
Көктем, сенің тағыңа таласар кім,
Менде өзіңмен еріксіз санасармын.
Жап-жасыл жайнап тұрған Алматыға,
Басынан ызғар соғар Алатаудың.
Ханшадай, гүл көктем өтті паңдана,
Ағыл-тегіл сел ақсын ескі арнадан.
Шырқауында ақшаңқан қар жатады,
Сонысымен ұнайды көктем маған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу