Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  173


Автор: Руслан Нұрбай

Қалдарбек Найманбаевқа

Жанымыздың садақ – асы малда екен,
Арымыздың садақ – асы жан бекем!
Қалған қазақ қабірлермен қарайып,
Сіздер қаққан қазықта жүр Қалдекем!
Құйын-заман қиын зарға сүйретті
Алтай, Гоби, Такламакан, Тибетті
Ана жылы Анадолы дегендер
Баба жолы осылай деп үйретті.
Артта қалып жершілдік пен ауылдық.
Рулық пен жүздің басып дауын нық .
Қаратауға мұңын шаққан қайран ел
Бала сау деп құрған едік қауымдық.
Жетпіс жылдай ойран салып отарлық.
Құтымызды құдықтарға қотардық.
Құтыру мен құлдырауға шақ қалып
Жетпістен соң сіздер жаққан от алдық.
Жерің бар да, елің бар да, мал бар деп.
Көш түзелді, өш күзелді...
Заңғар көк!
Құдіретке бəйіт айтып қал-қан деп
Жетпісте де жеке шапты Қалдарбек.
Отаршыға отырғанда ой қонбай.
Алашымның арысы едің аймаңдай.
Тəубə, Тəңір, қазақ қазір қадірлі,
Қауым аман, Керей-кең де, Найман-бай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу