Өлеңдер ✍️
Жапырағы судыр қаққан
Сырғанайды көк аспанда уақыт,
Батырады күннің өзін жылатып!
Алдап – сулап адам біткен жүр оны,
Тастан қатты жүрегі
Уақыттың ажал еді бір аты...
Жақсылыққа бастап мені бір ізгі –
Шулы боран арасынан жол тауып
Боздайды – ай кеп сыбызғы...
Жасыл тоғай,
Жасыл шөптер...
Бəрінің
Дəмін басып түседі енді қымыздық!
Жапырағы судыр қаққан қара тал,
Сылдыраған əн – бұлаққа жарасар!
Ақ көбелек қонып өтті гүлге ана,
Бақабақтың сарғыш күлтелерінде
Шырын сорып тұрды ара –
Тіршілік деп несібеге таласар
Олардың да махаббаты орасан!!
Жортып – жортып өтеді анда
Тышқандар,
Олар да ма,
Əй, оларда жоқ отан...
Бар табиғат өлмейтіндей мəңгілік
Қалпында сол əрі бейқам...
Əңгүдік –
Тіршіліктің бүлкілдейді тамыры
Лапыл қағып қан жүріп...
Шегірткелер шыр – шыр етіп қоймайды,
Осы сəтті тұратындай мəңгілік –
Əн қылып!...
Сырғанайды көк аспанда уақыт,
Батырады күннің өзін жылатып!
Алдап – сулап адам біткен жүр оны,
Тастан қатты жүрегі
Уақыттың ажал еді бір аты...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter