Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
110
дала
Дала!
Терлеген тебінгім жоғалып,
Ақ найзам майырыла сынған жер.
Иенге тігілген ақ ордам тоналып,
Көкірегім шарасыз тынған жер...
Дала!
Ордасы қайғының,
Жер бауырлай ұшатын түтіні.
Көкбөрі Жəнібек айбынын,
Ұрлатқан мезгілге
Тұқымы...
Дала!
Сен менің бүгінгі,
Тəркі еткен опасыз жалғанды;
Тісім қыршып түсірген тілімді,
Дəуірге сіңдіріп ділімді,
Дауылдар ап қашқан үнімді,
Сосын –
Өзіне тіреп отырған қанжарды...
Сен құрисың –
Тұқымың тудырған жанжалдан,
Мен құримын –
Өз қолым сілтеген қанжардан!!
... ...
Дала...
Дала...
Айхай – и – и, дала!!!...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter