Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
235
Себелеп жаңбыр жауып тұр...
Себелеп жаңбыр жауып тұр,
Сан ойлар келіп кетуде.
Жассың ғой әлі сауық құр,
Арманың алыс жетуге.
Түнерген тұман тұмшалап,
Жүзіңді жылы жаппасын.
Мен жүрмін, сірә күн санап,
Өзіңдей жанды таппаспын.
Кетсең де мені жақтырмай,
Кетпесін ұшып, басыңда мәңгі бақ тұрғай.
Ұшырып алсаң қонбайды қайта қолыңа,
Кетеді мәңгі таптырмай.
Тілерім саған,
Басыңда мәнгі бақ тұрғай.
Ерітіп жанды,
Сұлу бір нәзік күлкіңмен,
Өмірге сенсіз,
Симасам керек мүмкін мен.
Өмірде жолы болмаған жанды көргенде
Өз жолым болмай жургендей болып күрсінгем.
Арманым болып журсің сен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter