Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
177
Өзімді жұбатамын жырымменен...
Өзімді жұбатамын жырымменен,
Жан бар ма екен, өмірде сүрінбеген.
Өзім де түсінбеймін – деймін дағы,
Жағдайымды сұрасаң бүгін менің.
Ғашықтық қандай қиын түсінгенге,
Қу махаббат, жаныңды түсінген бе?
Намыс туын жықтырып, құр сезімге,
Кінәлімін сүйгенім үшін мен де.
Құр сезіммен әурелеп, алдандырып,
Керегі не, өмірде жалған күліп.
Жүрсің ғой көз алдымда мазақ етіп,
Үзілді-ау,
Деп жүргенде, жалғанды үміт.
Таусылды, әл-дәрменім, барша халім,
Ойлаудан, ойланудаң шаршағамын.
Маған енді бәрі бір, сезім сөнген,
Сыртыңнан тілектеспін, жанса бағың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter