Өлеңдер ✍️

Түсіме кірдің сен
Неге, неге жүректі мазалайсың,
Ұмытайын десем де жаным сені.
Жүректі өртеп өткен бір нажағайсың,
Құдіретім өзің бе әнімдегі.
Кеттің ғой, қайтып маған оралмайсың,
Түсіме, неге неге еніп жүрсің.
Әнімнен енді менің нәр алмайтын,
Өзгенің бақытысың, өзге жырсың.
Мазалама өтінем жаным мені,
Бақытымды мен дағы табайыншы.
Пәк сезімді өшірмей көңілдегі,
Қуаттанып қайтадан жанайыншы.
Сен жеттің арманыңның биігіне,
Елесің жүрегімді арбап жүрген.
Тағдырдың маған берген сыйы мүлде,
Арналып кетіп жатыр саған жырмен.
Қуат алып таусылмас жыр сезімнең
Жақсы сөз шығады ақ жүректерден.
Қуансам да, қайғырсам бірге өзіммен,
Өлеңім қиналғанда медет берген.
Мазалама өтінем, түсіме еніп,
Елессің, жүрегімді жаулап алған.
Жүріппін, түсінер деп саған сеніп,
Ал бүгін сол сезімнен көңіл қалған.
Қайғы мен шаттығыңды түсінбеген,
Меңіреу, мұңлы екен мына жалған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇