Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  163


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тұңғиық тұман келешек

Бақыт па жоқ, әлде қайғы ма,
Не болары белгісіз алдымда.
Көк туман қанатын жайды да,
Жүректі қайғыға салдың ба.
Жоқ әлде бұл тұман тұңғиық,
Тағы да қайғыға жеге ме.
Жүрегім бір жанып, бір күйіп,
Қайғырып өткенге келе ме.
Тұманды жарып, жарқырап сәуле,
Жүрекке жетті бір ыстық.
Мен үшін әттең, бұл «Жалған» әуре,
Болады өлсем тыныштық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу