Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
105
Қыс
Күздің күні таусылды,
Қыс мезгіл тағы келіпті.
Есітіп боран даусыңды,
Балалар тағы желікті.
Боран ұлып, шарық ұрады,
Өзен-суға мұз қатып.
Бала ойынға шақырады,
Қалса дағы күн батып.
Терезеге өрнек салып,
Қыс өнерін төгіпті.
Ал адамдар қайран қалып,
Қуанышқа бөгіпті.
Жапалақтап қар жауып,
Жерді ұлпаға орапты.
Күн сәулесі дәл тауып,
Жайнатады алапты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter