Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  119


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қайғы мұңы

Жалғыздық ән мен қайғылы әуен,
Дем алайын ерік бер.
Кеудені ащы торлады қайғы,
Жан емеспін зеріккен.
Бір күн де болса жатайын тыныш,
Сен сыйла маған қуаныш.
Ойласам сені бұл ісім дұрыс,
Ол да бір маған жұбаныш.
Әуені әннің қаптатып қайғы,
Жанардан ыстық жас тамды.
Тоқташы әуен түсініп жайды,
Қайғыға жектің жас жанды.
Қайғылы әуен, мазалап мені,
Тапталдың қайран жүрегім.
Қайғыртқан мені, ұмытып сені,
Тып-тыныш емір сүремін.
Сен келмейсің, Мәңгілік!
Сен кеттің мәңгі,
Келмейсің қайтып,
Ұмыттың мені мәңгілік.
Өзгемен күліп, сырыңды айтып,
Міз бақпай жүрсің сән құрып.
Қасірет әлде, аяныш,
Келемін жалғыз аяңдап.
Бақытты өткен күндерді,
Тұрғандай кітап баяндап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу