Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
166
Абай Құнанбаевтың өлеңіне балама
Сұрғылт тұман қаптайды,
Айналаны түн етіп.
Уақыт күтіп жатпайды,
Күн соңынан – күн өтіп.
Барқыт бешпет су болды,
Көз жасына малынып.
Сүйген қызы қу болды,
Періштедей табынып.
Қорланып жігіт жылайды,
Көз жасына малынып.
Кінәлі етіп, құдайды,
Құсалыққа салынып.
– Әйелмісің жылама,
ІІІын сүйгенің, табылар.
Құдайдан жас сұрама,
Және де болма жағынар.
Атаны «Адам» пейіштен,
Қудырды сайтан, хауа боп.
Көңілің қалса кей істен,
Әйелге, қалқам дауа жоқ.
Тәуекел белді бекем бу,
Көрсетпе маған жасыңды.
Шынында қиын екен бұл
Жігітсің име басыңды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter