Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  308


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жұмысбасты Жұмабек

Сабақ қашан біткелі,
Қоңырау да қағылды.
Тек Жұмабек бітпеді,
Жұмыс оған табылды.
Бұл кезде ғой біреуі
Доппен ойнап жүреді.
Бірі жеп ап тамағын,
Пысықтайды сабағын.
Бірі нан, сүт әкелер,
Бірі бөпе мәпелер.
Бос уақыттың жоспарын,
Орындап жүр достары.
– Неге отырсың,
Жұмабек?–
Деп өзінен сұрап ек.
– Бос уақытым жоқ,- деді,
Жұмыс сұмдық көп,- деді.
Бос уақытын осынша
Алып жүрген не десең,
Сабақ екен қосымша,
Оңай мұны деме сен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу