Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
153
Тұрап тұр жылап
Шалпылдатып шалшықты,
Былш еткізіп балшықты,
Жауыннан соң жақсы деп,
Мұндай қызық тапшы деп,
Ағасы қой десе де,
Зыр жүгірді көшеде.
Міне, енді Тұрап,
Балшыққа құлап,
Жатыр ғой жылап,
Кім кінәлі, бірақ,
Біліңдер сұрап!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter