Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  166


Автор: Бекен Әбдіразақов

Лақ

Көп төлдерден ажырап
Қап қойыпты лағым.
Айдалада маңырап,
Қайшылайды құлағын.
Мені көріп лағым,
Қуанғаннан секірді.
Селтеңдетіп құлағын,
Иіскеледі бетімді.
Ымырт түсіп келеді,
Ауыл қырдың астында.
Мен жалтақтай беремін,
Жем болардай қасқырға.
Томпаң қағып лағым,
Маңыраса бір ауық,
Аузын басып тұрамын,
Жас баладай жылауық.
Ал лағым селтеңдеп
Келе жатыр көңілді.
Бұл мінезбен ертең де,
Қап қоярдай көрінді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу