Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
77
Брест
Жаз еді-ау жасыл, жайдары,
Өмірдің гүлі құлпырған.
Шайқалмай түнгі қаймағы
Тақ еді-ау тұнық нұр тұнған.
Опасыз фашист от салып,
Ойрандап кетті-ау сол таңды.
Бомбалар көктен допша ағып,
Көк түтін қапты қолқаңды.
Сол ажал өрті жыландай
Шарпыды алғаш Бресті.
Қапыда күйген қырандай.
Жатса да,
Қайтпай күресті.
Қаһарман жандар қамалды
Тіріде қолдан бермеді.
Тауысып күшті,
амалды,
Денесі сонда терледі.
Шегінбей өлді бір адым,
Ел шебін қас жау шапқанда.
Сол ерлер деп біл,
шырағым,
Күн сайын күлген ақ таңда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter