Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
118
Москва
Батырдың нағыз батыры –
Москвам – ұлы астанам.
Жорыққа халқын шақырып,
Жеңісті де өзі бастаған.
Талай ел жерін таптаған,
Талай бір маңғаз астана
Бас иіп,
Бетін кақпаған
Кәрінен қорқып, жасқана.
Қас жауға
Менің Москвам,
Көшесін қорлап таптатпай,
Алты бір кырдың астынан,
Лақтырды кейіп шақпақтай.
Жарқ еткен жасын отындай,
Алғашқы жеңіс алауы,
Паршалап жалбыр тоқымдай,
Лақтырды фашист жалауын.
Басыңды и, балам, ерлерге,
Ерлігін әлем біледі.
Москвада осы жерленген,
Белгісіз солдат жүрегі.
Жалындап жанған жүрекке,
Кремль өзі күзетте.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter