Эсселер ✍️

  30.05.2022
  8224


«Кедейлік дегеніміз – ақшаның жоқтығы емес, нағыз кедейлік – рухани кедейлік» деген тұжырымға өз көзқарасыңды дәлелдеп жаз

 


"Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар."


(Қазақ мақалы)


 


Негізінен елімізде кедейлік табиғи,эканомикалық,әлеуметтік-саяси себептерге негізделеді.Кедейліктің негізгі көрсеткіші айналып келгенде табыс,шығын,тұрғындардың өмір сүру деңгейі.Көп адамдар кедейлікті


ақшаның жоқтығымен өлшеп жатады.Яғни, қоғам бай адам деп, тек дүние- мүлігі бар адам таниды.Ол табыстың қалай түсіп жатқанына,қандай біліммен келгеніне бас қатырмайды.


Ал енді сіз не үшін өмір сүріп жатқаныңызды,өміріңіздің соңы не болатындығы жайында ойлап көрдіңіз бе? Адам бұл дүниеге құр қол келеді,құр қол кетеді. Сенің жылдап жиған терген дүниең мәңгі қолыңда тұрмайды.Түптеп келгенде мәселе рухани кедейлікке әкеп тірейді.


Осы тұрғыда байлықтың бірнеше түрін қарастырайық:адами байлық


(ата - ана, бала, туыс); материалдық: ақша, дүние – мүлік, үй; табиғи: өсімдік, мұнай, күн, су, жан – жануар, таза ауа, тау, кен орындары және рухани байлық: денсаулық, туған ел, туған жер, білім, өмір. Сондықтан тек


материалдық байлықты маңызды санамай, адам өміріндегі денсаулық, уақыт, туыс, Отан сияқты қастерлі ұғымдарды бағалай білу керек деп есептеймін.


Тізбектелген байлықтың ішіндегі ең керегі де рухани байлық.Рухани байлық қана адамды жерде тастамайды. Рухани бай болу, дүние жиғаннан анағұрлым артық.


Рухани бай адам-көкірек көзі ашық,білген-көргені көп рухани толық адам.Материалды толық болғаннан гөрі рухани толық болған әлдеқайда маңыздырақ. Рухани бай адам болу дегенді бір сөйлеммен айту қиын.


Әркімнің өз тізбегі бар. Менің ойымша рухани бай адам:


-адамгершілігі жоғары;


-білімі толық;


-келелі ұрпаққа рухани мұра қалдырушы;


-жеке тұлға ретінде бір саты жоғары тұратын тұлға;


-икемді, тірі ақыл;


-отанға деген сүйіспеншілік және оның тарихи өткенін білу;


-адамгершілік заңдары бойынша өмір сүру;


-әр түрлі салалардағы білім.


 


Қорыта келе,байлықты басты мұрат етіп алмау керек.Рухани сауатың барда,кедейлік ешқашан да ұят емес. Материалдық байлық ешқашан жанның кеңдігін, даналығын, адамгершілік тазалығын алмастырмайды. Эмпатия, сүйіспеншілік, құрмет сатып алынбайды. Мұндай сезімдерді көрсетуге тек рухани бай адам ғана қабілетті. Материалдық заттар тез бұзылады, ертең олар жоқ болуы мүмкін. Бірақ рухани байлық адамның бойында бүкіл өмір бойы қалады және ол үшін ғана емес, сонымен бірге оның жанындағылардың да жолын жарықтандырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу