Эсселер ✍️
Қасым Аманжоловтың туғанына – 110 жыл! «Өзім туралы» өлеңіндегі ақын бейнесін талдап жаз
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда, жүрегім жалын атқан сөз дайында» - деп өзін халқына ерекше таныстыратын біртуар қазақ ақыны, Алаштың асыл перзенті Қасым Аманжоловтың поэзиясы асқақ рух, ерекше үн, өршіл
романтизм, биік пафос, азаматтық идеяның айқындығымен ерекшеленеді. Ақын өмірінің соңғы жылдары жазылған «Өзім туралы» өлеңі Қасым Аманжолов есімін күллі қазақ жұртына танытқан асқақ рухты поэзия еді.
Қасым Аманжоловтың бұл туындысы – адам өмірінің мәні мен өнер
табиғатын бірлестіре көркем жинақтайтын философиялық астары терең, мағыналы туынды. «Өзім туралы» өлеңі – терең мағынаға толы шығарма. Ақын бұл туындысын шығармашылығының кемелденген тұсындажазған.
Осы туындыға байланысты қазақ әдебиетінің көрнекті ғалымы Е.Ысмайлов
«Өзім туралы» аяқталмаған өлең, ақынның философиялық поэма жазу
мақсатынан туған шығарма екендігі туралы ойларын айта кетеді. «Өзі туралы ойлары жырланған бұл лирикалық туындыда ақын бейнесі қаншалықты
ашылған?» - деген сауалға жауап іздеп көрейік.
Аманжол - Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын, - деген жолдарынан бастап ақын өзінің азаматтық тұлғасын халыққа көрсете бастайды.
Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап, - деген жолдары арқылы ақын келешек ұрпақ болашағының жарқын болатынын сезгендей ме дерсің? Аға ұрпақ аманаты, келер ұрпақ парызы, адам тіршілігінің мәні, адамгершілік жайы, адамзат тіршілігіндегі жеке тұлғаның мән-мұраты, адамның
болмыстағы орны, өткінші өмір, уақыт мәселесі, өшпес өнер табиғаты, ұрпақ пен дәстүр жалғастығы, ақынның келер ұрпаққа аманаты терең философиялық толғамдарда көркем сөз образдарымен шебер өрілген.
Қорытындылай келе, «Өзім туралы» өлеңінде ақын өзінің ата-тегінен бастап таныстырып, өзінің қайраткерлік, азаматтық тұлғасын дәл көрсете алды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter