Эсселер ✍️
Мамандықты еңбек нарығына сай таңдау тиімді ме?
Мамандық таңдау – адам өміріндегі, болашақ маман өміріндегі ең маңызды таңдаулардың бірі. Себебі, әр адамның өзінің балалық шағынан бері арман еткен мамандықтары болады, жаны қалайтын, жаны сүйетін істері болады.
Бірақ 11 сыныпқа келгенде көптеген түлектер қандай мамандық таңдарларын білмей, таңдаған мамандығына ата-анасы қарсы болып жататын жағдайларды жиі кездестіріп жатамыз. Осы орайда, «қазіргі заманда еңбек нарығына сай мамандық таңдау тиімді ме?» - деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Мен бұл сұраққа «ия» деген көзқарас таныта аламын. «Ия» дейтін себебім, қазіргі уақытта расымен де еңбек нарығына сай, білікті мамандарға сұраныс өте жоғары болатын мамандықтар көп.
Солардың алғашқысы – мұғалім. Ия, «мұғалім – мәртебелі мамандық» деп бекер айтпаймыз. Сан жылдар бұрын мұғалім мамандығы қаншалықты қоғамға қажет болса, дәл қазіргі уақытта да білікті педагогтарға деген
сұраныс өте жоғары. Мемлекет тарапынан да мұғалім мамандығында оқитын студенттерге де көптеген жағдай жасалынуда. Тіл мамандары, математик
мамандар, бірнеше тілді меңгерген полиглоттар, тарих, әдебиет, география, физика, химия ғылымдарын жетік меңгерген, өте білімді мамандар үшін кез келген оқу орны есіктерін айқара ашатыны сөзсіз.
Екіншіден, қазіргі заман нарығындағы ең басты, сұранысқа ие
мамандықтардың бірі – ғылыми мамандар. Ия, Қазақстандағы ғылыми бағыттың дамуы, ғылым-білім саласында тың жаңалықтардың ашылуы тікелей ғалымдармен байланысты болғандықтан, бұл маман иелері сөзсіз
сұранысқа ие және дәл осы мамандық Қазақстанның еңбек нарығына сай.
Үшіншіден, еңбек нарығына сай мамандықтың бірі – IT мамандары. ХХІ ғасыр – жаңа технологиялардың, ақпараттық технологиялардың заманы болғандықтан, компьютердің тілін жетік меңгерген, ақпараттық
технологиялардан хабары бар мамандар қашанда сұранысқа ие.
Төртіншіден, қазіргі таңда сұранысқа ие болып жатқан мамандықтардың бірі – қала құрылысына жауапты құрылысшы мамандар. Жер ауылдар емес, қалалар планетасы болып барады. БҰҰ ақпараты бойынша, 2009 жылы
қалалықтар саны ауыл тұрғындарынан асып түсті. 2025 жылы қала халқының үлесі 77% дейін артады. PricewaterhouseCooper’s деректері бойынша, 2005 жылы дүниежүзінің 100 ірі қаласы дүниежүзілік ЖІӨ 25% өндірді, 2008 жылы 30%. 2025 жылға қарай ең үлкен мегаполистердің 30 27% артады.
Жаңа, тез өсіп келе жатқан мегаполистерді жоспарлау, құру және қызмет көрсетуді қолайлы қалалық ортаны құра алатын мамандар класы жасайтын болады.
Қорытындылай келе, еңбек нарығына сай мамандық таңдау өте маңызды мәселе екенін тағы да айта кеткен жөн. Себебі, еңбек нарығы дегеніміз –
мемлекетке қажетті мамандар нарығы. Ал, қоғамға қашанда білікті, еңбек нарығына сай мамандар қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter