Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  117


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қажығасын адамдарға зар қаға...

Қажығасын адамдарға зар қаға,
«Ақ сөйле!» - деп жалынамын қарғаға.
Залым заман заңын ұқпас мендейді
Сабаса ғой байлап қойып арбаға!
Қарғаңыз да қарқылынан танбастан
Ұрлап кетті бір түйір нан шаң басқан.
Тығып қойды байқатпастан қуысқа,
Аш көзденген басқа әлемге нанбастан.
Ал мен болсам аузым босқа ашылып,
Әке малы жатқандай-ақ шашылып,
Шапағатты күтіп жүрмін белгісіз,
Оқтын-оқтын желкемді бір қасынып!
Ақ сөйлесем, бақ сөйлемей қаларын
Білсем-дағы, адалдықты қаладым!
Залым заман асыранды иттерің
Тала тағы, талай-талай таладың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу