Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  191


Автор: Бекен Әбдіразақов

Сен келдің жаным

Сенделдім, жаным,
Бұл жазық жатқан өмірде.
Сен келдің, жаным,
Құлазып жатқан көңілге.
Ақ күнім көшіп,
Сәтте сол бір тарыққан.
Ақ гүлім өсіп,
Құлпырдым енді жарықтан.
Бір өмір бердің,
Ұмытар ма екен оны да.
Жүрегім менің
Құрбандық болсын жолыңа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу