Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
135

Жас жігіттің соңынан сөз ереді...
Жас жігіттің соңынан сөз ереді,
Жас арудың соңынан көз ереді,
Тіл салақтап, жанарың көкше көз боп,
Ерсең солай, дүниені кезер едің!
Екеуін де жақсыға жорымаймын,
Сенектегі төбеттей қорымаймын.
Жігіт пен қыз жолы ғой – жолы да Айдың,
Басқан ізін жастықтың торымаймын.
Махаббат қой адамзат өспегі де,
Сонда жатыр өмірдің ескегі де.
Сөз бен көзді соңына ерте көрме,
Тілің-сұғың тиеді өскеніне!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇