Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  100


Автор: Бекен Әбдіразақов

Мен ешкімге гүл бермедім...

Мен ешкімге гүл бермедім,
Беруге де үлгермедім.
Бозбалалық дәуренімде
Қалтаң-құлтаң күн көргемін.
Көк тиыным артылмастан,
Көп үмітім сарқылмастан,
Қыздарға мен күлкі сыйлап,
Жүрегімнен алтын шашқам.
Қыздар да гүл сұрамады,
Жыр қалады ұнағаны.
Көкірегімде жұлдыз жанып,
Сықырлады бұлақ әні.
Ай астында тұра қалып,
Жырдан қолға шырақ алып,
Лепіргенде кетті көбі,
Шырағымды сұрап алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу