Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  102


Автор: Бекен Әбдіразақов

Аспаннан құлағаным

Жасыл жаздың жұпар иісі аңқиды,
Көкірегімнен қиял ұшып қалқиды.
Бөлмемде емес, құс төсекте көктегі
Жатырмын мен,
жаным жайсаң қалқиды.
Ай да төмен,
сылқым сұлу түн еді,
Естілгендей жердің соққан жүрегі.
Айналамда жұлдыз болып жанып тұр,
Адамдардың маған аппақ тілегі.
Кенет...
Қыздың сыңғырады күлкісі,
Кетті қашып сорлы ақынның ұйқысы.
Мың қоңырау күмбірлей кеп жөнелді-ай,
Дүниенің шықты ұйқы-тұйқысы!
Жүрегімде гүл махаббат бұлк етіп,
Көктен жерге құлап түстім сылқ етіп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу