Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
162
Көңіл, неткен нәзік едің...
Көңіл, неткен нәзік едің,
Сырға толы, жырың майда.
Жаным шалқар жазық едім,
Шертейінші, қылың қайда?
Жұлдызым да жымыңдай ма,
Күміс айым құйса нұрын.
Төңірегім ыңылдай ма,
Толқи тыңдап күй сарынын!
Шертейінші, қылың қайда?
Жыр ағылсын көңілдегі.
Жұтайыншы нұрын майда,
Қандай ғажап өмір лебі!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter