Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
105

Жаз желпісе шуақпен...
Жаз желпісе шуақпен,
Келеді қыс түршігіп.
Адам білмес қуатпен
Шыр айналған тіршілік.
Бүгін бардан ертең-ақ
Көзді жазып қалғаның.
Күзеліп қап ерке бақ,
Сағым болған арманың.
Үміт түгел үзіліп,
Жер сипалап қалғанда,
Шаттық-тырна тізіліп
Қиқу салар жалғанға.
Сонда көзге жас толып,
Көкке үздігіп қарайсың.
Өз-өзіңнен мас болып,
Өзің нұр боп тарайсың.
Шыр айналған тіршілік
Адам білмес қуатпен.
Бірде жүрем тұршігіп,
Бірде жанып шуақпен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇