Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
158
Шабандоз аттан құлапты
Шабандоз тұқымынан атқа мықты,
Оқыста омақасып оңбай қапты.
Бір мәстек көкпарды іліп аттаныпты,
Қай қазақ жіберетін ондай бақты!
Орап ап сүйектерін еппен ғана,
Әкепті сынықшыға шабандозды.
Бір сынық салынған соң:
– Кеткен жаңа, –
Депті ғой,- әкелші, әке, маған бозды!
Сабазың қарғып тұрып, морт құлапты,
Көзіне күлім қағып жақсы ертеңі.
Бұлаңдап боз арғымақ төрт құлақты
Арқалап кете барған ақ серкені.
Шабандоз тағы тайып жығылғанда
Көкпарды беред дейді-ау шыбын жанға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter