Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
163
Аттай бір жыл тұсаусыз тұсаулымын...
Аттай бір жыл тұсаусыз тұсаулымын,
Басқа бермес, бақытсыз іс-ау мұным!
Шыға алмаймын шығандап шалғай жерге,
Қаға алмаймын қақпасын кісі аулының.
Хамаң айтқан: бөріккен бөкен едім,
Бүгін, міне, мысықтан бәкенемін.
Аңдап басып аяқты, алаңдаймын,
Күтіп жазмыш ертең не әкелерін.
Салып қойдым саудаға сау басымды,
Жұмбақ сырым дос білмес, жауға ашылды,
Жан дүнием жабырқау, ашық-шашық
Жұрты көшкен, иесіз аула сынды.
Қоныстар ма тіршілік қайта келіп,
Түтіні де аспанмен байтақ өріп?..
Езгенменен жанымды жай табам ба,
Керегі не, Құдай-ау, айта беріп!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter