Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
132
Мендей, сірә, туған жоқ тайқы мандай...
Мендей, сірә, туған жоқ тайқы мандай,
Алдағы күн жолдары қайқы қандай...
Өлермендей тырмысам өрге қарай,
Итереді сұм өмір көрге қарай,
Неге мұнша болғамын тайқы мандай?!
Алға басқан аяғым кері кетіп
Жатса-дағы, өмірге жерік етіп
Жаратқан соң,
тынбастан тырбанамын,
Аңсаймын да әлдиін ұл баланың,
Алайын деп жаныма серік етіп!
Тағдырымның толғағы беймәлімдеу,
Күпіршілік сонда да қинадың деу!
Көнбіс жүрек көнер-ау,
алдамшы арман
Аяғымды ылғи да алдан шалған,
Тағы шалса...
ұшады иманым, беу!
Мендей, сірә, жоқ шығар тайқы маңдай,
Сорбақ тағдыр соқпағы қайқы қандай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter