Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  97


Автор: Бекен Әбдіразақов

Әлемнің төгілгендей құздан нұры...

Әлемнің төгілгендей құздан нұры,
Басталды баданадай күз жаңбыры!
Шараптың иісі бар бұрқыраған,
Үнінде – тоқшылық пен тұз-дәм жыры!
Бірақ та дауа қайсы аш көңілге,
Тіккесін, қан қарайып, басты өлімге!
Жаћанды жеп қоярдай жұтынамын,
Мендегі кектен қара тас жеңіл ме?
Білмеймін, кімге жүрек тістенеді,
Быжықай шұбар дүние түске енеді.
Бастырып Алатаумен Алматымды
Қоярдай құбыжық бір күш келеді!
Бітті ме бұл құдірет тарылғанда,
Уайым уытынан сарылғанда,
Дүниең бұлк етпейді, несі кетер
Жүрегім тар кеудемде жарылғанда!
Пушкинді жіпсіз байлап Болдин күзі,
Тамсанған жыр туғызса жердің жүзі.
Алматы күзі мені торықтырып,
Тесіктен піскілейді желдің бізі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу