Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  135


Автор: Бекен Әбдіразақов

Өткенімді өшіріп тастағасын...

Өткенімді өшіріп тастағасын,
Қайдан қайрат табады қасқа басым?!
Тарихынан тып-типыл азған елдей
Жоғалтып ап өмірлік астанасын!
Жүргенің сол сипалап өр төбеңді,
Көтергелі баяғы мәртебеңді.
Белгісіз бір бақсыны ақын қылып
Күл ішінен табылған жарты өлеңі!
Жоқ, болмайды, Өмірім бастамасын,
Жылдарымның ту тіккен астанасын,
Жалау қадап жүрекке, әйгілеймін,
Болашағым ұрмасын тасқа басын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу