Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  131


Автор: Бекен Әбдіразақов

Ғұмыр кештім ой-қырлы жарты ғасыр...

Ғұмыр кештім ой-қырлы жарты ғасыр,
Текшеледім, демеймін артыма асыл.
Не жұтсам да бойыма сіңірдім мен,
Неге жаям жамандай жалпыға сыр!
Көргендерім – көзімнің тереңінде,
Түйгендерім – өрілген өлеңімде.
Көргенімді қысқа өмір келемінде
Нұрдай шашып кетемін сөнерімде!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу