Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  104


Автор: Бекен Әбдіразақов

Саған жазған жырларым бұрынғыдай

Саған жазған жырларым бұрынғыдай
Шалқып тумай, жаймастан сырымды ұдай,
Жұрт көзінен қаймығып, төмен жүзбен
Ыға сөйлеп, қашады «жырындыдай».
Бойындағы болдырған күй желіктен,
Сезім сыры аумайды инеліктен.
Зауқым соқпай қойды ғой жылауға да,
Бұл неліктен, айтсайшы, бұл неліктен?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу